«Ауыл шаруашылығы малдарын бағалау нұсқаулықтары мен тұқымдарының стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 3-3/517 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 3-3/1119 бұйрығы

«Ауыл шаруашылығы малдарын бағалау нұсқаулықтары мен тұқымдарының стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 3-3/517 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 3-3/1119 бұйрығы

 

«Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4) және 5) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Ауыл шаруашылығы малдарын бағалау нұсқаулықтары мен тұқымдарының стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 3-3/517 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9818 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақтың 1) тармақшасының он төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес иттердің үй-ұлттық тұқымдарын (тазы, төбет);»;

көрсетілген бұйрыққа 13-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрыққа 16-қосымшада:

«13. Үй-ұлттық иттердің тұқымдарының стандарты» деген тарау мынадай редакцияда жазылсын.

«13. Иттері үй-ұлттық тұқымының тұқым стандарты
1. Қазақ «Тазысы»

Өлшемдері

Стандарт сипаттамасы

Кемшіліктері

Ақаулары

1.

Жалпы түрі және дене бітімі типі

Бойы орта және ортадан жоғары, мықты денесі бар арықтау ит, созылу индексі 103.

Дене бітімінің өте жеңілдігі, аяқтары шығыңқы, шамалы созылыңқы болуы (106-ға дейін).

Дене бітімінің жетілмеуі, дене бітімінің дөрекілігі, бостығы, созылу индексі 100-ден кем немесе 106-дан жоғары болуы.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.